Ақтөбеде орман алқабынан 60 тоннаға жуық қоқыс шығарылды
Ақтөбеде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында орман алқабы қоқыстан тазартылды, деп хабарлайды 24KZ.
60 тоннаға жуық қалдықтар арнайы полигонға жөнелтілді. Бұл іске «Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау» мекемесінің қызметкерлері, «Жасыл ел» жасағының мүшелерінен құралған 500-ге тарта адам атсалысты. Орман алқабы өрт қаупі жоғары аумақ болғандықтан сенбіліктер жиі өтеді. Мекеме қызметкерлері сәуір айынан бері күшейтілген жұмыс режиміне көшкен.
Нарқыз Қуанышева, орман шебері:
- Жалпы Ақтөбе орман шаруашылығы бойынша Елек, Қарғалы, Ленин орман шаруашылығы болып бөлінеді. Қазір күл-қоқысты жинап жатырмыз. Сосын минералды жолақтар жүргіземіз. Біз осындай «Жасыл ел» жасақтарын бергенде сол «Жасыл ел» көмегімен жүргіземіз, сосын өзіміздің орманшылардың көмегімен жүргіземіз.