Атырауға Қытайдан гуманитарлық көмек келді

Атырауға Қытайдың шығысындағы Ляньюньган портынан гуманитарлық көмек жетті, деп хабарлайды 24kz.

Жүктің ішінде күрке, төсек орын, қолғап, резеңке етік, күрек, су сорғыш құралдар бар. Бұл туралы Атырау облысының Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады. Айта кетерлігі, Ляньюньганда қытай-қазақ логистикалық базасы бар.

«Қытай мен Қазақстан – ұзақ достық тарихы бар өркениетті мемлекеттер. Ляньюньган мен Атырау арасы алшақ болғанымен, бұл байланысқа кедергі бола алмайды», - дейді қытай тарапы. Гуманитарлық жүк Атырау қаласының әлеуметтік даму қорына тапсырылды.