Күн 46 градусқа дейін ысиды
Күннің қызуы 46 градусқа дейін көтеріледі.
Қазгидромет осылай деп хабарлайды. 25-26 маусым аралығында елдің батыс және солтүстік өңірлерінде жаңбыр жауады. Соның өзінде ыстық 35-38 градусқа дейін барады. Ал оңтүстікте одан әлдеқайда жоғарылайды. Мұның себебі алдағы күндері Иран аймағынан Қазақстанға жылы ауа массалары ене бастайды.
Алтынзер Есбусинова, «Қазгидромет» РГП инженер-синоптигі:
- Алдағы күндері Иран аймақтарынан Қазақстан аумағына жылы ауа массалары ене бастайды. 25-26 маусымда еліміздің батыс және солтүстік облыстарында жаңбыр, кей жерлерде қатты жаңбыр, 27 маусымда республиканың солтүстігіне аптап ыстық болжанады. Қазақстанның солтүстігінде күндізгі температура +35-38 градусқа дейін, оңтүстігінде өте қатты ыстық +40-46 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде. Сонымен қатар 26-27 маусымда Ақмола және Павлодар облыстарында қатты ыстық күтіледі.