Биыл Атырау облысында 114 шақырым жол жөнделеді

Атырауда су тасқыны кезінде бұзылған жолдар жөнделіп жатыр. Ерте тасыған Ойыл өзені Қызылқоға ауданының халқын әбден әбігерге салған еді, деп хабарлайды 24kz.

Ал, Жемнің суы Атырау – Ақтау автомагистиарлының Жылыой ауданындағы учаскесіне айтарлықтай залал келтірді. Арнасынан асқан Жайық республиалық маңыздағы Атырау – Орал тасжолын 2 жерден бұзып, облысішілік Атырау – Индер – Қарабау – Миялы күре жолын жарамсыз етті.

Арыстанбек Кенже, тілші:

- Бұл – Қызылқоға, Индер аудандарын облыс орталығымен қосатын Соколок көпірі. Кешегі тасқын кезінде осы көпір бұзылып, жол қатынасы өте қиындаған болатын. Қазір міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, айналма жолдар салынып жатыр. Жақын күнде көпірдің де құрылысы басталады

Соколок өткелін қалпына келтіру жұмысына 7 Камаз автокөлігі мен 2 арнайы техника жұмылдырылды. Қазірдің өзінде автокөлік қозғалысы қалыпқа келді.

Тілекқабыл Ғұмаров, жолаушы:

- Исатай ауданымен айналдық. Оралға бару үшін, болмаса, осы тұрған Индерге бару үшін 120 км артық жүріп келдік қой. Қазір енді, мына салып жатыр жолдарды, бұзып кеткен жерлерді тегістеп, жақсы ғой, енді, 3-4 жер бар осыдан Индерге дейін.

Биыл Атырау облысы бойынша 114 шақырым республикалық маңызы бар жолға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның ішінде Атырау – Ақтау күре жолы да бар. Жолшылар Доссор – Құлсары бағытында бұзылған учаскелерді жөндеуге кірісіп кетті.

Аслан Дүйсенов, «Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филилалы басшысының орынбасары:

- Жалпы 66 шақырымның орташа жөндеу жұмыстарына жеңімпазы анықталып, қазіргі таңда жөндеу жұмыстары басталды. Жарықшақтарға шайыр құю, шұңқырларды жамау, түзету қабаты және беттік өңдеу қабатын жөндну жұмысары атқарылатын болады.Сонымен қатар Мұқыр – Құлсары деген жолымыз бар. Ол жолға да орташа жөндеу жұмыстарына конкурстық процедуралар жүріп жатыр.

Сондай-ақ жергілікті бюджет есебінен көктемгі тасқын кезінде бүлінген Қызылқоға ауданында да 1 көпір мен 12 жол учаскесін қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр.

Авторлары: Арыстанбек Кенже, Айбек Байзаков, Жандос Рахметуллин