БҚО-да кәсіпорынға ₸22 млн айыппұл салынды
Батыс Қазақстан облысында топырақтың құнарлы қабатын заңсыз алып тастаған кәсіпорынға 22 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды 24KZ.
Теректі және Ақсуат ауылында анықталған заңбұзушылық қатаң бақылауға алынды. Жер ресурстарын басқару комитетінің аумақтық бөлімшесі жауапты мекемені «Подстепное-Федоровка-Ресей Федерациясы шекарасы» тасжолындағы бұзылған жерлерді 3 ай аралығында қалпына келтіруге міндеттеді.