Щучинскте жас геологтар Олимпиадасы басталды

Ақмола облысында жас геологтардың далалық Олимпиадасы басталды деп хабарлайды 24kz.

Іс-шараға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Беларусь және Қырғызстаннан жиырма команда және екі жүзден астам оқушы қатысып жатыр. Халықаралық олимпиада жетінші рет өтуде. Биыл ол көрнекті ғалым және академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған.

Халықаралық Олимпиаданы «Жас геолог» корпоративтік қоры ұйымдастырды. Ал отандық ірі геологиялық компаниялары теңдесі жоқ қолдау көрсетті. Мысалы, «Қазақмыс» корпорациясы және Qazaq Geophysics компаниясы сарапшылармен арнайы техниканы ұсынды. «Келешекте қатысушыларға үлкен үміт артып отырмыз», - дейді қордың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Ғалым Нұржанов.

Ғалым Нұржанов, «Жас геолог» КҚ қамқоршылық кеңесінің төрағасы:

- Геолог деген ол қаланың ішінде жүрмейді. Ол далада ізденіс жұмыстарымен айналысады. Сондықтан ол әртүрлі қиыншылықтармен кездеседі, сол қиыншылықтарды біз балаларға әдемі, көркімді ретінде жеткіземіз. Сол мамандықты таңдау үшін. Мысалы, біздің бір ірі компаниямыз геологиялық, бірақ сол балалар оқу бітіріп, бізге де келмесе, біз оған ренжімейміз. Ең бастысы, Қазақстанымыздың дамуына үлкен үрдіс берсе, дегенге талпынамыз.

Олимпиада бірнеше бағытта өтіп жатыр. Оқушылар далада практикалық тапсырмаларды орындауда. «Мұндай сайыстар балаларды геолог мамандығымен егжей-тегжейлі таныстырады», - дейді геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров.

Ерлан Ақбаров, ҚР ӨҚМ Геология комитетінің төрағасы:

- Тоғыз оқу орны геолог мамандарын дайындайды. Ол жылына екі жүзден астам геолог мамандарын шығарады. Ол біздің ел үшін қазірге жеткіліксіз. Геология мамандарының дефициті бізде айқын. Сонықтан осы геология саласына біз көңіл бөлуіміз керек.

Жеке есептегі Олимпиада жеңімпаздарына қазақстандық төрт үздік жоғары оқу орнына сегіз грант беріледі. Ал жеңімпаздар командасы келесі жылы ресейлік жас геологтар Олимпиадасына жолдама алады.

Авторлары: Аслан Әбутәліпов, Виктор Полянный