Қазақстанның 7 волонтёрі БҰҰ құрылымдарына тартылды
Биыл 7 қазақстандық волонтер БҰҰ құрылымдарының қызметіне тартылады. Олар Түркия, Кения және Таиландта тағылымдамадан өтетін болады.
Жалпы соңғы 2 жылда 9 қазақстандық еріктіге осындай мүмкіндік берілген еді. Бұл туралы бүгін Мәдениет және ақпарат министрлігінде БҰҰ-ның еріктілер бағдарламасының серіктестік қатынастарды дамыту жөніндені маманы Карен Фернцлермен өткен кездесуде айтылды. Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Гүлбара Сұлтанова БҰҰ құрылымдарына тартылатын қазақстандықтардың әлеуетін пайдалану маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ жиында 2026 жылы өтетін Халықаралық волонтерлер жылына дайындық пысықталды.