Әскери борышын өтегендерге тегін грант беріледі
Әскерге барсаң, тегін оқисың! Бұл – еліміздің белді университеттерінің бірінде білім алып жатқан ақтөбелік Нұрлан Сайлаубайдың пікірі.
IT мамандығын ақысыз меңгеріп жүрген ол болашақта көпшілік тұтынатын мобилді қосымшаны іске қоспақ. Арманындағы кәсіп иесі атануына Отан алдындағы әскери борышын өтеуі зор мүмкіндік берген. Десанттық шабуылдаушы бригада құрамында шыңдалған ол жоғары шенді офицерлердің мақтанышына да айналған.
Нұрлан Сайлаубай, қала тұрғыны:
- Армияда жүрген кезде Қазақстанның 40 универінен тегін оқуға мүмкіндік берді. Біз одан кейін өзіміз қалаған оқуды таңдап алып, түстік. Мен мысалы батысты таңдадым, Досмұхамбетов университетін. бәрі өздері звондап шақырып, кіргізді бізді оқуға. Бәрі тегін, жатақханасы бар. Армияға қалай бардың, сөйтіп,мүмкіндік берілді. Ол өте жақсы мүмкіндік. Көбісі түсе алмай жатыр. Одан да барып келіп, сөйтіп, тегін оқуға түскен жақсы деп ойлаймын негізі.