Шымкенттен солтүстік пен шығысқа 284 адам қоныс аударды

Биыл Шымкенттен Солтүстік және Шығыс Қазақстанға 284 адам қоныс аударды, деп хабарлайды 24kz.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәлімдеуінше, олар Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарына тұрақтаған. Жоғары білімін растаған 67 маманға сондағы медициналық ұйымдар, мектептер мен өрт сөндіру қызметінен жұмыс ұсынылды. Ал қалғаны шаруашылықпен айналысып, кәсіп ашқан. Оңтүстіктен солтүстікке қоныс аудару бағдарламасы аясында жыл соңына дейін тағы 167 отбасыны ерікті түрде көшіруге квота қарастырылған. Өтініш берушілердің білімін растайтын құжаты немесе оқуға деген ынтасы болуы тиіс. Сонымен қатар есепшоттары бұғатта болмауы керек деген талап қойылады.

Әлібек Сманов, қалалық мансап орталығы «Өңіраралық жұмыспен қамту» бөлімінің басшысы:

- Жолдың шығынын өтеп беру деген сияқты жеңілдіктер бар. Соған байланысты көшушілердің саны өсіп жатыр. Бізге делигаттар әр өңірден 2 ай сайын келіп отырады. Бірінші халықтың сұрайтыны тұрғын үймен қамтамасыз ету қалай болады, жұмыс туралы сұрайды және де қарастырылатын қандай да бір кәсіпкерлік бастамаға қандай жеңілдік бар. Сол мәселені сұрайды.