Дәмханада талап етілетін 10%-тік қосымша ақыға тыйым салынады
Дәмхана меймандарынан талап етіліп жүрген 10%-тік қосымша ақыға тыйым салынады.
Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев мәлімдеді. Оның айтуынша, еліміздегі ішкі сауда ережесіне өзгеріс енгізу жоспарланып отыр. Әуелі бұл тұрғыда тиісті талқылау ұйымдастырылмақ.
Арман Шаққалиев, ҚР Сауда және интеграция министрі:
- Әрине, бизнес өкілдерінің кейбірі осы өзгерістермен келіспеуі мүмкін. Бұл мәселе мейрамханаға келген қонақтардан көрсетілген қызмет үшін қосымша ақы алуға қатысты. Қазір бұл ақыны сіздер чектерде жазылып жүргенін көріп жүрсіздер. Енді бұл алымды заңсыз ететін тиісті талапты белгілейміз, яғни қызмет үшін 10%-тік алым қойылмайды. Неге адамдар көрсетілген қызметке 2 мәрте төлеуі керек?