Қазақстандағы өткізу бекеттерінде цифрлық жүйелер енгізіліп жатыр

Қазақстандағы өткізу пункттерінде цифрлық жүйелер белсенді енгізіліп жатыр. Қазір Қытай, Өзбекстан және Түрікменстан шекарасындағы пункттерді жаңғырту басталды, деп хабарлайды 24KZ.

Онда жаңа өткізу пункттері салынады. Бұл шекералас мемлекеттермен тауар айналымын ұлғайту мақсатында жасалып отыр. Қаржы министрлігі Қытай шекарасындағы кеден бекеттері арқылы көлік ағыны өскенін хабарлады. Биыл 8 айда «Көлжат» автомобиль өткізу пункті арқылы 30 мыңға жуық көлік өтті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 24% артық. Ал Қытаймен шекарадағы «Нұр жолы» өткізу пункті арқылы автокөліктер ағыны екі есе артқан.