АЭС құрылысы 8000 адамды жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді

Атом электр станциясы құрылысы кезінде 8 мың адам жұмыспен қамтылады. Ал оның тұрақты жұмысын екі мың адам қамтамасыз етуге тиіс, деп хабарлайды 24kz.

«Қазақмыс» корпорациясының департамент директоры Тельман Шуриевтың айтуынша, бұл энергоблок еліміздің энергетика саласын жаңа деңгейге көтереді. Сонымен қатар еңбек нарығының дамуына оң әсер етіп, аймаққа серпін береді. «Сондықтан Қазақстан бұл саладағы үлкен мүмкіндікті пайдалануға тиіс», - дейді сарапшы.

Тельман Шуриев, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС департамент директоры:

- Мемлекет басшысы 2029 жылға дейін ЖІӨ-ді 2 есе өсіруді тапсырды. Өнеркәсіпті дамытпай бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Ал жаңа өндіріс ошақтарына көп қуат керек. Жалпы экономикамыз өскен сайын энергетика тұтыну көлемі арта береді.