Қарағанды облысында референдум күні 650 учаске жұмыс істейді

Қарағанды облысында референдум күні 650 учаске жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды 24kz.

Олар толық жабдықталады. Учаскелер мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де жайлы етіп жасалады. Арнайы пандустар, кабиналар қойылады. Ал есту және көру қабілеті нашар адамдарға сурдоаударма қызметі қарастырылған. Бұған қоса, 120 инватакси мүгедектердің еркін қатынауы үшін жұмыс істейді. Бұл туралы өңірдің республикалық референдумға дайындығы пысықталған семинар-кеңесте талқыланды. Орталық референдум комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Қарағанды облысының дайындығына жоғары баға берді. Өңір бойынша 760 000-нан астам сайлаушы бар. Төраға солардың әрқайсына референдум туралы ақпарат жекелей жетуі тиіс екенін атап өтті.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық референдум комиссиясының төрағасы:

- Енді жерілікті атқарушы органдардың негізгі заңда көрсеткен міндеттерінің бірі осы компанияда ол дауыс беретін учаскелерді материалдық жағынан қамтамассыз ету. Ол жерде дауыс беруді қамтамасыз етіп отырған ол бөлмеде жұмыс істейтіндер, учаскелік комиссия. Негізгі дауыс беретін, оны есептейтін жер ол учаскелік комиссия. Сондықтан ол жерде жұмыс істейтін әрбір өкілін оқыту өте маңызды.