АЭС тұрақты жұмыс орындарын қамтамасыз етеді – сарапшы
Атом энергетикасын дамыту елімізде жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Құрылысшылар мен электр техниктерінен бастап заң, адам ресурстарын басқару және қоғаммен байланыс салаларындағы мамандарға сұраныс артады.
«Атом саласындағы әйелдер» ұйымының вице-президенті Мелина Белинко атом электр станциясын салудың осындай артықшылықтарымен бөлісті. Сарапшының пікірінше, атом электр станциялары көміртегімен ластанбаған электр энергиясын, таза су мен таза сутек өндіру арқылы энергетика саласын түбегейлі өзгертуге қауқарлы. Әрине, бұл процесс көп жұмыс күшін қажет етеді.
Мелина Белинко, Women In Nuclear вице-президенті:
- Атом электр станциялары орташа есеппен 500-800 адамға жұмыс орнын ұсынады. Оның ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуі бірнеше ұрпақты жұмыспен қамтамасыз ете алады. Сондай-ақ атом энергетикасы өндірістік салада жаңа қызмет орындарын ашады. Себебі, станция өндіретін жылу өндірістік процесстерде де пайдаланылады.