Сарыағаш шипажайындағы жердің заңдылығы тексеріліп жатыр
Сарыағаш шипажайына қарасты 70 гектарға жуық жердің тек 23 гектары емдік-сауықтыру мақсатында пайдаланылып отыр, деп хабарлайды 24kz.
Қалғаны заңды және жеке тұлғаларға үлестіріліп кеткен. Осыған байланысты Түркістан облысы Жер ресурстарын басқару департаменті қалған 47 гектардың кімдерге және қалай берілгенін зерделеп жатыр. Қазірдің өзінде бір іс сот қарауына ұсынылды.
«Егер заңсыздықтар дәлелденсе, жер мемлекетке қайтарылады». - дейді департамент басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Досжанов.
Бауыржан Досжанов, облыстық жер ресурстарын басқару департаменті басшысының м. а.:
- Бізге тиісті хаттар түсті мемлекеттік органдардан. Сол бойынша өз құзырет шеңберімізде құжаттарға тексеру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. 1 жер учаскесіне қатысты талап-арызымыз сотта қаралуда. Қалған жер учаскелері бойынша жұмыстар жүргізіп жатырмыз.