Қазақстанда арнайы операциялар күштері жауынгерлеріне күрең берет табысталды
Елдің арнайы операциялар күштерінің жауынгерлеріне алғаш рет күрең берет табысталды.
Біліктілік сынақ Шымкенттің «Орда» полигонында өтті. Оған 54 сарбаз қатысты. Кіл мықтылар сынға түсетін шара барасында жауынгерлдің дайындығы барынша шыңдалып арнайы жаттығулар, қарудан ату дағдылары, қоян-қолтық ұрыс, медицина құралдарын меңгеру біліктілігі пысықталды. Қорытынды сынақты 29 үміткер сәтті тапсырды. Енді мұндай сынақтар жыл сайын өткізіледі.
Айдос Мырзахметов, ҚР Қарулы күштердің Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы:
- Бұл Қазақстан Қарулы күштері тарихындағы алғашқы біліктілік сынағы. Сендер мықты ерік-жігерді, шыдамдылықты және төзімділікті көрсете отырып, осындай күрделі жолмен сыннан өттіңдер. Күрең қызыл берет кию құқығына лайық болу керек. Бүгін аса күрделі тапсырмаларды орындап, кез келген жағдайда әрекет ете отырып, алға қойған мақсаттарға қол жеткізуге болатынын дәлелдедіңдер.