С.Жұманғарин тауарлы сүт фермаларының құрылысын биыл аяқтауды тапсырды
Вице-премьер Серік Жұманғарин жыл соңына дейін тауарлы сүт фермаларының құрылысын аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды 24kz.
Былтыр Солтүстік Қазақстан облысына кәсіпорын салуға 100 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілген. 65 нысан биыл салынып бітуі тиіс. Оның үштен бір бөлігі пайдалануға берілді. Жиында 21 жоба мерзімінен кешіктірілуі мүмкін екендігі атап өтілді. Шығыс Қазақстан және Алматы облыстары қаржыны игеру бойынша артта қалып отыр. Ал Абай, Түркістан және Жетісу облыстарында жобалар толығымен іске асырылды.