Қарағанды облысында 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Күн райының күрт өзгеруіне байланысты өткен тәулікте Қарағанды облысында 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Салдарынан бір жаяу жүргінші қайтыс болса, екі адам түрлі дене жарақатын алды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлімдеді. Кеше сағат кешкі жетілер шамасында Липецкая көшесінде қоғамдық көлік жүргізушісі жолдың тайғақтығынан 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жәбірленуші ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Ал Шахтинск және Теміртау қалаларында екі адам ауруханаға жеткізілді. Қалған 19 жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ.