Саран қаласында 83 үйге жылу берілді
Орталық жылу көзінен жылытылатын қалған үйлер бойынша жұмыстар жалғасуда.
Орталық жылу көзіне қосылған үйлердің электр қуатына төленетін ақысы қайта есептеледі. Жылыту маусымы басталғалы қалада сегіз қазандық іске қосылды. Олар шаһардағы 95 үйді, соның ішінде барлық әлеуметтік нысанды жылытуы керек еді. Алайда Қарағанды облысы Саран қаласының тұрғындары өткен демалыс күндерінде жылусыз қалды. Облыс орталығынан 25 шақырым жерде орналасқан шағын шаһарда уәде етілген жаңа жылу орталығы іске қосылмай, бұрынғы қазандықтарға оралуға тура келді. Саран қаласының әкімі Еркін Баулықов келтірілген қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады.