Жылу желілерін жөндеуге 13 млрд теңге жұмсалды

Жылу беру басқа да өңірлерде жалғасып жатыр.

Жезқазған жылу электр орталығының қоймасына жинақталған отын қоры нормативтік көрсеткіштерден асты. Қазір қуат тарату нысанында 134 мың тонна көмір және 2 мың тонна мазут сақтаулы тұр. Бұл - ең төменгі қажетті қордан айтарлықтай көп. Жезқазғанның көпқабатты үйлеріне қазанның 11-нен бастап жылу беріле бастады. Жүйелерге берілетін судың температурасы 60 градус шамасында. Қазіргі таңда жылу электр орталығының 4 қазандығы қалыпты жүктемемен жұмыс істеп тұр. №5 қазандық пен №6 турбоагрегатта турбина құрастырылып жатыр. Жаңғырту жұмыстары Жезқазған қаласын жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге кері әсерін тигізбейді.