Қазақстанда 9 млн адам жұмыс істейді

Қазақстандағы 9 млн-нан астам адам жұмыс істейді.

Бұл – Ұлттық статистика бюросының дерегі. 2024 жылдың екінші тоқсанындағы жағдай бойынша 7 млн адам жалдамалы жұмыс істейді. Ал 2,2 млн адам өзін-өзі жұмыспен қамтыған. Бұл 15 жастан асқан адамдардың 65% еңбек етіп жүр деген сөз. Бірақ жұмыс күшінің санына шаққанда бұл көрсеткіш 95%-тен асады.

Халықаралық еңбек ұйымының әдістемесі бойынша Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі 4,7%. Немесе 451 мың адам екі қолға бір күрек таба алмай жүр деген сөз. Ал Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша 67 мың адам халықты жұмыспен қамту органдарына жүгінген.