Саран қаласында 77 көпқабатты үйде жылу жоқ

Саран қаласында 77 көпқабатты үйдің тұрғындары жылусыз отыр.

Жаңа өзіңіз айтып кеткен 77 үйдің жылуыз қалуына жаңа жылу орталығының әлі қалыпты параметрлерге келмеуі себеп. Әзірге үйлер уақытша ескі қосымша желілік қазандықтарға қосылып жатыр. Жалпы қала бойынша жаңа жылу көзінен жылытылуы тиіс 168 көпқабатты үй бар. «Соның 91-і желілік қазандықтарға қосылса, қалғандарына жылу кешке дейін беріледі», – дейді Саран қаласының әкімі Еркін Бауылқов.

Еркін Баулықов, Саран қаласының әкімі:

-  Орталық қазандық жұмыс істеп жатыр. Режимдік жұмысына шығайын деп жатыр. Критичный жағдай емес. Бұл – жаңадан салынған қазандық, жаңа қондырғылар, бүкіл мамандар бар. Бізге қалай жұмыс істеу керектігін үйретіп жатыр.  

Қазір пәтерлері салқын тұрғындар электр жылытқыш қосып отыр. Бірақ  тұтынылған электр энергиясы үшін төленетін ақы қайта есептеледі. «Енді жаңа қазандықтар қажетті температураға қыздырылған соң барлық үйге жылу беріледі», – дейді жергілікті билік өкілдері.