Балалардың жеке даму картасы цифрлы форматқа көшірілді
Биыл еліміздегі мектепке дейінгі ұйымдарда 35 мыңнан астам жаңа орын ашылды.
Ал 2027 жылға дейін тағы 300 мыңға ұлғаяды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері орталық коммцинакциялар қызметінде өткен брифингте баяндады. Салада сандық жүйеге басымдық беріліп жатыр. Бөбектердің жеке даму картасы цифрлық форматқа көшірілді. Мұндай тәсіл баланың қалыптасуын бақылауға және мектепке тез бейімделуіне ықпал етеді, дейді мамандар. Сонымен қатар бөбекжайларға қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, дербес қаржыландыру тетігі пилоттық режимде енгізілді.
Манара Адамова, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің департамент директоры:
- Ата-ана егер банк арқылы есеп-шот ашқым келмейді, оның барлығы маған қиындық тудырады десе, ол жерде баланың атына ваучер тіркеліп тұрады. Яғни виртуалды түрде мектепке дейінгі ұйымға аударылатын болады. Егер ата-ана өзі бәрін бақылауда ұстаймын дейтін болса, онда таңдаған банкінен смс-хабарлама келеді. Сол арқылы автоматты түрде есеп-шот ашылады.