БҚО-да малдың бруцеллезге шалдығуы азайған

Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 1200 бас ұсақ малдан және 4893 бас ірі қарадан бруцеллез қоздырғышы анықталған. 

5300-ден аса мал сою орындарына тапсырылды. Өңірде алты кәсіпорын ауру малдың етін қабылдайды. Тиісті температуралық өңдеуден соң өнім сатылымға шығарылады. Облыстық ветеринария басқармасының мәлімдеуінше, бір жасқа толған малдан жылына екі рет қан алынып, сынама зертханада тексеріледі. Жалпы алғанда эпизоотиялық ахуал тұрақты. Бруцеллезге шалдыққан жануарлар саны жыл санап азайып келеді, дейді мамандар.

Кенжебек Аймашев, БҚО ветеринария басқармасының бөлім басшысы:

- 2018 жылы 600 мың бас ірі қарадан қан алып тексерсе, 9431 бас оң нәтиже көрсетті. Бұл 1,6 пайызды құрады. Қазіргі кезде біз 666 мың бастан алып отырмыз 9 айдың қорытындысы бойынша. 4893 бастан оң нәтиже көрсетіп отыр. 0.7 пайызға түсіп тұр. Осы 7 жылдан бергі тенденция, азаю тенденциясы осылай келе жатыр. Қалған екі айда да аламыз 812 мыңнан биыл қан алуымыз керек.