Шымкентте құрылыс компаниялары табысын жасырған
Шымкентте 5 бірдей құрылыс компаниясы өкілдерінің салықтан жалтару әрекеттері әшкере болды.
Прокурорлық тексеріс кезінде олар жалған шот-фактура жасап, 6,4 миллиард теңгеден асатын табысын жасырған. Осыған қатысты қылмыстық іс қозғалып, құжаттар экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды. Ал мемлекетке келтірілген залалды өндіру мақсатында сот қарауына 4 талап арыз берілген. Жергілікті атқару органының 17 лауазымды тұлғасы жұмысына салғырт қарағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Нұрдәулет Қарымсақов, қала прокуратурасының аға прокуроры:
- Біз тексерісте 2022-2024 жылдар аралығын қарадық. Осы жылдар аралығында жасалған заң бұзушылықтар. Сол 5 компанияның бір ғана мақсаты болған. Салықты төлемеу, салықтан жалтару. Бұл күрделі мәселенің бірі болғандықтан тексеріс жалғасады. Бұл жұмыс әрдайым басшылық құрамның бақылауында болады.