Ұлытауда жел электр станциясы іске қосылады
Ұлытау облысындағы алғашқы жел электр станциясының құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.
Құны 24,5 млрд теңге болатын инвестициялық жобаны Қазақстан мен Қытайдың үш компаниясы жүзеге асырып жатыр.
Сәуір айында басталған құрылыс 80 пайызға орындалды. Нысанның жел діңгектері Жезқазғандағы арнайы аймақта, ал қосалқы электр станциясы Сәтбаев қаласында болады. Құрылысқа 50 адам тартылған. Ал станция іске қосылғанда 11 маман тұрақты жұмысқа орналасады. Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары Алмат Саухимовтың айтуынша, жалпы саны 16 жел генераторының жыл соңына дейін 3-еуі орнатылады. Жоба іске асқан кезде 100 МВт баламалы энергия өндіреді.
Алмат Саухимов, Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары:
- 228 тоқ желілерінің мұнаралары қойылды. Шамамен 15 километр электр сымдары тартылды. Теміржолдың астымен өтетін, басқа да желілердің астымен өтетін сымдар тартылды. Біздің подстанция 80 пайызға дайын деп есептеуімізге болады.