Жамбыл облысында 2 гигаваттық ЖЭС салынады

2030 жылға дейін Жамбыл облысында қуаты 2 ГВт болатын жел электр станциялары салынады.

Қазір Франция, Біріккен Араб Әмірліктері мен Қытай елінің инвесторлары Талас, Сарысу мен Мойынқұм ауданында жобаны жасауға кірісті.

Бүгінде аймақта баламалы энергия өндіретін 22 нысан жұмыс істеп тұр. Оның 10-ы – жел, қалғаны – күн және су электр станциясы. Жалпы республикадағы барлық жаңартылған қуат көзінің қуаты 2 900 МВт болса, оның 571-і Жамбыл облысына тиесілі. Қазірдің өзінде өңір баламалы энергия көзін өндіруден республикада екінші орында.

Еркін Алтышев, облыстық Энергетика және ТҮКШ басқармасы басшысының орынбасары:

- Жергілікті атқарушы орган тарапынан жерге, құжаттарға байланысты барлық жұмыстар жүгізілуде. Қазір зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Салынатын инвестицияның көлемі нақты белігіл болады. Жамбыл облысына инвесторлар келіп, өндірістік кәсіпорындар салынып жатыр. Алдағы уақытта жаңартылатын энергия көздерін келіп салам деген инвесторлардың бәріне есік ашық.