Ақмолада су нысандарының 38% тозып тұр

Ақмола облысындағы 5 су нысаны апаттық жағдайда тұр.

Іргесі сөгіле бастаған қоймалар жаңғыртылмаса, көктемде көлкіген қар суы асып төгілуі мүмкін. Бұл жайында облыстық Прокуратура хабарлады.

Ақмола облысында 90 су нысаны бар. Оның 34-і тозған. Тіпті бесеуі апаттық жағдайда жұмыс істеп тұр. Қалғанының да жағдайы мәз емес. Биылдан қалмай жөндеу жүргізілмесе, көктемгі су тасқыны апат туғызуы мүмкін. Табиғат қорғау прокуроры Дастан Асқар осылай дейді.

Дастан Аcқар, Ақмола облысының мамандандандырылған табиғатты қорғау прокуроры:

- Мамандармен тексеру нәтижесінде 34 қанағаттандырылықыз жағдайда және апаттық жағдайда екені анықталды. Оның 20-ы елді мекендерге су басу қауіпін туғызуы мүмкін. 5 гидро техникалық құрылғы соның ішінде апаттық жағдайда. 29-ы қанағаттандырылықсыз жағдайда. Жалпы қалған гидроехникалық құрылғылар қанағаттандырарлық жағдайда.  

Су нысандарының дені кеңес кезеңінен бері қызмет етіп келеді. Солардың бірі –Астана су қоймасы. Салынғанына 50 жыл өткенімен, әлі күнге жөндеу көрмеген. Жауаптылар, олқылықтың орнын толыру үшін қаржы қаралды, енді  қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізіледі деп сендірдіж.

Санжар Сәруар, «Қазсушар» ШЖҚ РМК Ақмола филиалының инженері:

- Астана су қоймасының тарихын айта кетсек. 1970 жылдан бастап пайдалануға берілген. Астана су қоймасының жалпы сыйымдылығы 411 млн текше метр құрайды. Астана су қоймасында 100 пайызды құрайтын су тұр. 411 млн текше метр. Астана су қоймасы пайдалануға берілгелі 50 жыл уақыт өтті. Ешқандай да күрделі жөндеу жұмыстарынан өткен жоқ. Сол орайда осы жақын арада жөндеу жұмыстарын жобалап оытрмыз. Осы жөндеу жұмыстарын өз қолына «Қазсушар» қолына алды.

 

Су нысандары – әлеуметтік маңызы бар обьект. Сол себепті оны қорғау, күтіп ұстау өте маңызды. Ал бұл сенімге селкеу түсіріп, салаға салғырттық танытқандар заң алдында жауап береді.

 

Дастан Аcқар, Ақмола облысының мамандандандырылған табиғатты қорғау прокуроры:

- Бүгінгі таңда екі қылмыстық іс тергелуде. Осы уақытылы су тасқынын алдын алу, күрделі жұмыстарды жүргізбеу нәтижесі бойынша екі қылмыстық іс тергелуі жүргізілуде. Оның нәтижесімен барлық тиісті лауазымды тұлғаларға баға беріледі. Уақытылы бөлмеген, кезінде жұмыстар жүргізілген, бірақ тиісті жүргізілмеген. Енді қазір ол бағаны тергеу нәтижесімен ғана бере аламыз.

 

Бұл Ақмола облысына ғана тән мәселе емес. Барлық өңірлерге ортақ жайт. Қазір елдегі жалпы су нысандарының 60% тозып тұр.

 

Авторы: Шернияз Жалғасбекұлы