Әулие ата ауылдарында ішімдік сатылмайды
Жамбыл облысында 6 аудан мен 16 ауылдық округтегі дүкен иелері алкоголь өнімдерін сатудан бас тартты.
«Ішімдіксіз ауыл» жобасына әкімдер, ақсақалдар мен жергілікті халық қолдау көрсеткен. Сөйтіп, аймақтағы қылмыс деңгейі де біршама төмендеді. Учаскелік полиция инспекторлары әр тұрғынды жеке танып, мінез-құлқына қарай әрекет етеді. Сарысу ауданы Полиция бөлімі басшысының орынбасары Қанат Нарбеков: «Құқық бұзушылықтың алдын алатын мұндай жүйелі әрекет өз нәтижесін берді», – дейді.
Иә, расында бұл ауылда алкогольдік өнімдерін сатуға тыйым салынған, тіпті сауда орындарын темекі бұйымдарын табу да өте қиын. Бұл негізінде ауыл белсенділері, учаскелік инспектор, ауыл ақсақалдарының араласуымен жалпы алкоголь өнімдерін сатуға мүлде тыйым салынған. Бұл әрине, біз үшін өте көп көмегін тигізуде. Біздің байқағанымыз, бұл ауылда ауыл ақсақалдары учаскелік инспекторлармен ақылдасып отырып шешеді екен.