Арақ өндірісі 16% төмендеді
Елде арақ-шарап тұтынушылар қатары азайып келеді.
"Халық санының өсуіне қарамастан, жыл сайын ішімдік тұтыну көлемі төмендеп барады", - дейді алкоголь өндірушілер мен импортерлер қауымдастығының атқарушы директоры Дмитрий Жуков. Олардың жеке бақылауына сәйкес қазір құрамында алкоголі аз сусындарға сұраныс көбірек артқан.