Қазақстан мен Қытай арасындағы цифрлық авторлық құқық платформасы таныстырылды
Алматыда Қазақстан мен Қытай арасындағы цифрлық авторлық құқық платформасы таныстырылды.
Платформа Қытайдың шетелмен мәдени-сауда Ұлттық базасының аясында құрылған. Әдебиет, музыка, кино салаларын қамтитын платформа мәдени алмасу мен іскерлік ынтымақтастықтың маңызды арнасына айналады, - дейді ұйымдастырушылар. Платформа пайдаланушыларға іздеу, талдау және авторлық құқықты қорғау қызметтерін ұсынады, сондай-ақ авторларға әртүрлі тілдерде контент жасау үшін жасанды интеллект мүмкіндіктерін береді. Платформа офлайн да жұмыс істейді. Қорғаста орналасқан офисте семинар-тренингтер, лекциялар және тәжірибе алмасу ұйымдастырылады. Қытайлық цифрлық платформаға қол жеткізу қазақстандық авторларға үлкен мүмкіндіктер ашады, - дейді шығармашылық өкілдері.
Думан Аманұлы, "Мұрат жолы" мәдениет қоғамдық бірлестігінің жетекшісі:
- Қазақстанның жазушылары,суретшілері, композиторлары, әншілер күйшілер, біздің осындай әндеріміз айтылып жатыр, кейбір күйлеріміз шертіліп жатыр, мысалы оған гонорар керек шығар, соны қалай бір дұрыс жолмен, жақсы жүйе бойынша сөйлесуге ынтымақтаса отырып, сондай жұмыстарды шешетін бір мекемелердің керек деп айтатын. Ынтымақтасып жұмыс істеу мүмкіндіктері болса, онда біздің қоғамда өнер адамдарының көкейінде жүрген сұрақтарға дұрыс жауап табыла ма деп үміттенемін.