Елімізде бір жылда 78 ауыл жабылды

Ауыл көшіп барады. Ұлттық статистика бюросының есептеуі бойынша біздің елде 1 жылда 78 ауыл жабылған, деп хабарлайды 24kz.

Былтыр республика бойынша 6286 ауыл тіркелген болса, биылғы саны 6208-ге қысқарды. Ал жалпы кейінгі 10 жылда 500-ден астам ауыл жабылды. Қазір халықтың 38%-і, яғни 7,5 млн адам ауылда тұрады.