Шетелде отандастарымыздың 24,5 мың жылжымайтын мүлкі бар
Шетелде 18 мыңнан астам қазақстандықтың 24 мыңнан астам жылжымайтын мүлкі бар.
Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. Жыл басынан бері 2 миллионға жуық басшы, кәсіпкер мен олардың жұбайлары декларацияның үшінші кезеңін тапсырды. Оның ішінде 6 656 адам өзге елде 7 812 көлігі бар екенін көрсетті. 9 521 азаматтың шетелдік банктерде жеке шоты бар. Сондай-ақ азаматтар декларацияда 60 мыңға жуық елдегі мүлік нысандарын көрсеткен. Әрқайсының құны шамамен 234 млн теңге тұрады.