М. Тынышбаевқа тиесілі құнды архив құжаттары елге жеткізілді
Алматыдағы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінде қазақтан шыққан тұңғыш теміржол инженері Мұхамеджан Тынышбаевқа тиесілі құжаттардың көшірмесі таныстырылды.
Құнды деректе Санкт-Петербор мұрағаттарынан табылған. Верный қаласындағы ерлер гимназиясын тәмамдаған Тынышбаев I Александр атындағы Санкт-Петербор темір жол көлігі институтында білім алған. Елге әкелінген архив құжаттары қатарында мемлекет және қоғам қайраткерінің сол жоғары оқу орнындағы студенттік куәліктері, өз қолымен толтырылған өтініші мен фотосуреттері бар. Биыл Мұхамеджан Тынышбаевтың туғанына – 145 жыл. Ол Түркістан-Сібір темір жолы құрылысын жобалау мен салу ісіне белсене қатысып, өлшеусіз үлес қосты.
Гүлбану Жүгенбаева, тарих ғылымдарының докторы, Тынышбаевтанушы:
- Бұл жолғы олжамыз Мұхамеджан Тынышбаев білім алған университеттің түлегі ретіндегі аты-жөні фамилиясы жазылған кітаптың сандық нұсқасын біз түсіріп алдық. 1927 жылы ең алғаш Түрксібті қолдау комитетінің мүшелері қатарында Мұхамеджан Тынышбаев отырған құжаттық суреті берілген кітапты арнайы кездестіріп, сол кітаптың сандық нұсқада көшірмелері әкелінді.