ШҚО-да мемлекеттік тілді үйрететін жүз мектеп ашылады
Шығыс Қазақстан облысында мемлекеттік тілді оқытатын 100 орталық ашылады.
Қазір Өскемен, Риддер және Алтай қалаларында жұмыс істеп тұр. Болашақта шалғай аудандарда да ашу жоспары бар. Кәсіби тіл мамандары оқу курсына қатысушылардың мемлекеттік тілде сөйлеу да Риддер табиғатымен ғана емес, көпұлттылығымен де ерекше. Мұнда орыстар, украиндар, немістер, әзербайжандар, шешендер мен татарлар тұрады. Көбі мемлекеттік тілді оқыту курстарына қатысып жүр. Тіл үйренуге ниеттілер саны артқандықтан, жергілікті мектептер мен колледждерде қосымша оқыту орталықтары ашылған.
Эльмира Есенбаева, қалалық мемлекеттік тілді оқыту орталығының әдіскері:
- Мемлекеттік тілді үйрететін 100 орталық ашу жоспарда бар. Риддердің өзінде қосымша 5 аудитория жасақталды. Педагогтарға да тиісінше жүктеме бөлінді.
Менін улттым татар. Жақсы, мен Казахстан республика азаматы.
Педагог Құралай Садықованың тіл үйретуде қолданатын өзіндік әдістемесі бар. Ол оқу курсына алғаш келгендерге аса үлкен жүктеме бермейді. «Алдымен қатысушылардың тіл біліміне деген қызығушылығын арттыру керек» дейді. Cондықтан болар, Құралайдың шәкірттері курстың алғашқы аптасынан кейін ауызекі сөйлеуді меңгеріп шығады. Одан әрі біртіндеп күрделі сөйлемдерге өтеді.
Құралай Садықова, мұғалім:
- Бүгінгі таңда Риддер қаласындағы тілдерді дамыту орталығында 377 келуші қазақ тілі курсында және 45 тіл үйренуші ағылшын тілі курсында білім алады. Енді бизнес саласының өкілдері былтырдан бастам мемлекеттік тілге қызығушылық білдіруде. Себебі заңға енгізілген өзгерістерді біліп сонымен қатар қоғамда бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін көздері ашық болған соң осында келіп жатады.
Лилия Шакерзанова, қала тұрғыны:
- Маған қазақ тілін үйренген өте ұнайды. Таныс адамдармен үнемі мемлекеттік тілде сөйлесемін. Күнделікті жұмыс барысында жеңіл-желпі сұрақөтарға қазақ тілінде жауап беруге тырысамын.
Ең бастысы, бәрі қызығушылықпен жасалады. Қатысушылардың көбі жұмыстан соң қосымша сабаққа сұранып келеді.
Сергей Колганов, қала тұрғыны:
- Оқу үйірмесіне аптасына 2 мәрте үзбей келіп тұрамын. Әсіресе сәрсенбі күні күрделі тапсырмалар орындаймыз. Егер күн сайын келіп тұрсақ үлгерім әлдеқайда жақсы болатын еді. Өкінішке орай оған мүмкіндік жоқ. Жұмыстан қол босай бермейді.
Педагогтар шәкірттердің теориялық білімін тәжірибе түрінде тексеріп отырады. Бұл жолы Лилияның білімі сыналды. Ол дүкенге барып сатушымен тек қазақ тілінде сөйлесті.
Ресми дерек бойынша шығыс қазақстандықтардың 87 %-ы мемлекеттік тілді түрлі деңгейде меңгерген. Мамандар бұл көрсеткіш болашақта әлі де арта түседі дейді. Алдағы екі жылда облыстың шалғай аудандарында да тегін тілдік курстар желісі ашылады.
Елдос Кәкенов, Вячеслав Ветлугин және Дмитрий Пыхтин