Шымкентте гидротехникалық нысандар жөнделеді

Ақжар және Текесу су қоймалары жөнделеді.

Шымкенттегі гидротехникалық бұл нысандар тозып, енді оны қайта жаңарту көзделіп отыр.

Аймақта су тасқынының алдын-алу жұмыстары да күшейтіліп жатыр.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:

- Ақжар су қоймасы - қаладағы ескі гидротехникалық нысандардың бірі. 80-жылдардан бері күрделі жөндеу жүргізілмегендіктен тозығы жетіп, көп мөлшерде су қабылдай алмайды. Енді су қоймасы қайта жаңғыртылмақ. Құрылыс-жобалау құжаттамасы бекітіліп, бюджеттен 793 млн теңге қаралатын болды.

Миллиондаған текше метр су сақтауға арналған гидротехникалық қойманың қазіргі деңгейі 60%-ке де жетпейді. Себебі саз-балшықтан табаны көрініп, төңірегі қамысқа толған. Су қабылдау мүмкіндігі азайғанда іргедегі канал да жиі тартылатын болды,-дейді жергілікті тұрғындар. 

Бибінұр Тәженова, Ақтас тұрғын алабының тұрғыны:

- Тек қана мал су ішеді. Шли толу қаупі жоқ. Толған жоқ негізі. Бірақ осылай ағып тұрады. Жаздыгүні азайып кетеді. Огород егетіндерді білмеймін. Оған бұл су жетпейді ғой. Бірақ мал ішеді.

Жоспарға сәйкес су қоймасы келесі жылы толық жаңартылады. Ұзындығы 660 метр болатын тоған ауыстырылып, темір бетоннан беріктігі нығайтылады. Аумағы қоршалып, жарықтандыру мен дабыл сиренасы орнатылады. Қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының өкілдері аймақтағы Текесу қоймасы да арнайы зерделеуден өткізілгенін жеткізді. 

Мұрат Әбдірахманов, қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Толық платинаның жағдайын, астындағы су, жанындағы елді мекендерге зияны туралы қорытынды декларацияны су инспекциясына жібердік. Содан өтіп болғаннан кейін ендігі жылы проект жасау қарастырылады.

Ал қала аумағындағы Бадам, Тоғыс қоймаларындағы су деңгейі қалыпты. Республикалық маңызы бар нысандардың техникалық жағдайы мен тасқын қаупіне дайындығы тексерілді. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері ирригациялық жүйелер мен арық-атыздардың да жәй-күйін бақылауға алған. 

Ирисмат Махмудов, қалалық ТЖД бөлім бастығы:

- Бұны алдын-алу бойынша қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдар тарапынан бүгін су өткізу құбырлары, ирригациялық жүйелерды жаңарту, жоқ жерлерге орнату және де тазалау жұмыстары жүргізілуде. Қыр, сайдан ағып келген ағынды су, еріген суларды қауіпсіз өткізу жұмыстары жүргізілуде.

Ақжар су қоймасының құрылысы басталғанда жанынан балама канал қазылмақ. Тау мен сай саладан аққан су осы арнамен Ақжар, Жаңаталап тұрғын алаптары арқылы ағып өтетін болады,-дейді мамандар.

Нұрсұлтан Мұхамеджан, Самат Нағашбекұлы, Нұрмахан Бекмұратов