Астанада мемлекеттік күзет қызметіне шақырылған сарбаздар ант қабылдады
Астанада мемлекеттік күзет қызметіне шақырылған 200 сарбаз ант қабылдады.
Жастар әр өңірден іріктеліп, арнайы дайындықтан өткен. Физикалық және психикалық әзірлігі бірдей тексерілді. Элиталық құрамның талаптары да жоғары. Әскерилердің бойы 185 пен 195 сантиметр аралығында болу керек. Суыққа төзімді, ыстыққа шыдамды және дене бітімі де шымыр болуы талап етіледі. Шарада әскерилер сап түзеп, шеберлігін көрсетті. Ал маңызды қызметке енді кіріскен жастар отан алдында ант қабылдап, туған-туыстарымен жүздесті. Алдағы бір жылда олар лауазымды тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге атсалысады. Жыл сайын мемлекеттік күзет қызметіне 300-ден аса сарбаз ант қабылдайды.
Ержан Бекболат, мемлекеттік күзет қызметі 6 басқарма 1-бөлімнің аға күзет офицері:
- Бізде әрбір сарбаз бір жылдың ішінде міндетті түрде дене дайындығынан өтеді. Әртүрлі атыс дайындығы, арнайы тактикалық дайындықтар. Қазіргі таңда сарбаздарға ұшқызсыз ұшу аппараттарын басқару, ат дайындығы, сүңгуір, тау дайындықтары жүзеге асырылады. Өзін жақсы жағынан қалдырған және өзінің қалауы бойынша мемлекеттік күзет қызметінде келісіп шарт бойынша әскери қызметке қалғысы келсе бәріне жол ашық.
Ермек Ерғали, сарбаз:
- Менің айқын мақсатым болды. 1-2 жыл бұрын осы мемлекеттік күзет қызметіне түсемін деген. Тек сол мақсат қойып, соны жетуге ұмтылу керек. Мен сол мақсатымды орындадым. Әсер керемет, Отан алдындағы борышыңды сезінесің. Әскери ант қабылдау әр жас азаматтың парызы.