Түркістан облысында ең жүйрік тазы анықталды

Түркістан облысында ең әдемі әрі ең жүйрік тазы анықталды, деп хабарлайды 24KZ. Аймақта жеті қазынаның біріне баланған жүзден аса иттің бабы мен бағы сыналған жарыс аяқталды. Республикалық турнирге еліміздің әр өңірінен келген саятшылар қатысты. Байқауда тазылардың жылдамдығы мен ептілігі ғана емес түрі, түсі дене бітімі бағаланды.

Бірнеше сағатқа созылған жарыста Ордабасы ауданының тұрғыны Бекзат Мейірбайдың Таймасы жеңімпаз атанды. Оның жылдамдығы мен сымбаттылығы қазылар алқасының талабынан шықты.

Бекзат Мейірбай, Ордабасы ауданының тұрғыны:

- Бұл енді таза тазы. Лас нәрсемен тамақтанбайды. Бір шетінен айтқанда, жылқымен теңестіруге болады. Тазалығын, ұқыптылығын, иесін тыңдауы. Аңға алып шығып, түлкіге, қоянға, шакалға түсіріп отырамыз.