Семейде құрылысы бітпей тұрған нысан көп

Семейде құрылысы бітпей тұрған нысан көп

Семейде құрылысы тоқтап тұрған жеке меншік нысандар көп.

Мәселен, Семей телеграфы мен бұрынғы зооветиринарлық техникум ғимараттарының жағдайы сын көтермейді. Соңғысы жылдар бойы қараусыз тұр. Оқу орны бұл жерден көшкен соң, жеке меншікке берілді. Содан кейін оны талай мәрте бұзбақшы болған, алайда қоғам белсенділері оны қорғап қалды. Тарихи нысан қалпына келтірілмесе, ғимараттың қирап қалуы әбден мүмкін. Қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінің мәліметінше Семейде 50-ге жуық нысан бой көтеруде. Мамандар сондай-ақ жеке меншік ғимараттардың құрылысы тоқтап тұрғанын да жасырмайды және оның бірнеше себебі бар екенін айтады.   

Ерлан Мекетаев, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

- Проектно-сметная документацясы дұрыстығынан емес па или қандай да бір себептен тоқтатылып тұрған жайы бар. Бірақ оны негізгі құзыреті Управление ГАСК бізде. Құрылыс басқармасы ол жағын қарайтын. Тиісті шаралар қолданған олар туралы, мағлұматтар берілген. Қазіргі уақытта олар тиісті шаралар қарастырылып жатыр олар бойынша.