Елордада «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы жалғасып жатыр
Астанада «Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын алу шарасы жалғасып жатыр.
Полицейлер білім басқармасының қызметкерлерімен, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдерімен бірлесіп, көшелер мен ойын-сауық орындарын тексерді. Нәтижесінде жыл басынан бері 150 құқықбұзушылық анықталған. Түнде жүрген жасөспірімдердің ата-аналарына әкімшілік айыппұл салынды.