Онлайн-дүкен тұтынушыларының құқығын қорғау шаралары күшейтіледі

Елімізде онлайн-дүкен тұтынушыларының құқығын қорғау шаралары күшейтіледі. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, енді «маркетплейс», «интернет-дүкен» және «ақпараттық жарнама алаңы» ұғымдары бөлек қарастырылмақ. Сонымен қатар онлайн сауда платформаларында сатушыларды тіркеу және аутентификация жасау міндеттеледі. Бұл ережелер «Тұтынушылардың құқығын қорғау туралы» жаңа заң жобасына енгізілгелі отыр.

Ведомствоның хабарлауынша, былтыр елде онлайн бөлшек сауда көлемі 2,5 трлн теңгеге жуықтаған. Қазақстандықтар интернет дүкендер арқылы көбіне телефон, компьютер жабдықтары, тұрмыстық техникалар мен киім-кешек сатып алған.