«AMANAT» партиясы жетім баланың баспаналы болуына көмектесті

Жасөспірім шағында жетім қалған Алматы облысының тұрғыны баспана алу құқығын қалпына келтірді, деп хабарлайды 24kz.

Бұл іс «AMANAT» партиясының араласуымен жүзеге асты. Қанат Төлентаев 16 жасында тұл жетім қалып, үй кезегіне тұрған. Бірақ уақыт өте мекенжай бойынша тіркеуінің күші жойылып, тізімнен шығып қалды. Осыдан екі жыл бұрын Қанат саяси ұйымға жүгінді. Партияның заңгерлері оған қолдау көрсетті. Осылайша, кезіндегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала өз пәтеріне қол жеткізді. Бүгінде «AMANAT» партиясы жетім балалардың мәселелерін шешуде жүйелі жұмыс істеп келеді. Бұған қоса, Мәжілістегі фракция депутаттары, жетім балаларды әлеуметтік қорғау, кезек бойынша тұрғын үй беру, жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаларға қатысуды көздейтін заң жобасына бастамашылық еткен. Қазіргі таңда құжатты Парламент мақұлдап отыр.

Қанат Төлентаев, Алматы облысының тұрғыны:

- Менің мәселемді шешу кезінде «Аманат» партиясы маңызды рөл атқарды. Партия заңгерлермен қамтамасыз етіп, сот процесінің барлық кезеңінде қолдау білдірді. Осылайша, сотта жеңіске жетуге көмектсеті. Осы қолдау арқылы қз пәтерімді алып отырмын.

Әлия Садырбаева, Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

- Бізге мемлекеттік органдардағы әділетсіздікке немесе әрекетсіздікке тап болған адамдар жиі келеді. Біз әділ шешім қабылдануы үшін Бас прокуратураға, соттарға және өзге де органдарға жүгінеміз. Жетім балаларды толғандырған мәселе айырықша жауапкершілік жүктейді.