Ақтөбе облысында жол құрылысында кемшіліктер анықталды

Ақтөбе облысында жол құрылысы барысында елеулі кемшіліктер анықталды.

Биыл бюджеттен 600 млн теңгеге жуық қаражат бөлініп,  «Мәртөк – Дмитриевка – Байторысай – Полтавка» жолына орташа жөндеу жүргізілді. Бірақ құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталғанға дейін 4 шақырым жол жарамсыз болып қалды. Жобада айналма жол қарастырылмағаны анықталды. Ал мердігер инертті материалды жаңа жол жамылғысы арқылы тасымалдаған.

Данияр Бегайдаров, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Сонымен қатар келісім-шарт жасасу кезінде мердігер үшін 2 жылдық кепілдік міндеттемелердің орнына бір жыл ғана белгіленген. Талдау қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының әкімдігі орташа жөндеудің кепілдік мерзімін қайта қарады, жол жабынын қалпына келтіру мәселесі бойынша мердігерге қатысты талап арыз берілді.