Air Astana әуе компаниясынан қаражат ұрланды
Air Astana әуе компаниясынан қаржы жымқырылды. Кейбір ақпарат көздерінде күдіктілер авиабилеттерді брондау жөніндегі ақпараттық жүйеге өзгерістер енгізіп, сеніп тапсырылған мүлікті бұзған деген дерек айтылып жатыр.
FlyArystan әуекомпаниясының басшылығы, қаражат ұрлау фактілерін растады. Олар тәуелсіз тергеу жүргізу үшін аудиторлық компанияға жүгінген. Осыған байланысты әуекомпаниясы кінәлі адамдарды анықтау және материалдық залалды өтеу үшін құқық қорғау органдарына арызданды.