Ауыл шаруашылығында техниканың 40%-ы тозған

Соңғы бес жылда ауыл шаруашылығына салынған инвестиция 2 есеге жуық өскен.

Алайда «салада жалпы еңбек өнімділігі төмен»,-деді Сенат спикері Мәулен Әшімбаев. Парламенттік тыңдауда ол ауыл шаруашылығында негізгі техниканың 40 пайызға тозғанын айтып, қолданыстағы жабдықтардың 70 пайызының пайдалану мерзімі он жылдан асқанына тоқталды. «Тозған жабдықтар мен ескі тәсілдермен, сондай-ақ инновациясыз өнімділікті арттыру мүмкін емес екені сөзсіз", – деді жоғары Палата төрағасы. Мәулен Әшімбаев аграрлық саласының маңыздылығын айтып, азық-түлік қауіпсіздігіне ерекше тоқталды.

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің аграрлық және экономикалық саясатының негізгі басымдықтарының бірі. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселеге үнемі баса назар аударып келеді. Мемлекет басшысы азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін түбегейлі шешу керектігін айтты. Бұл ретте ең алдымен саланың өнімдігін арттыру мәселесі аса маңызды. Сонымен қатар өнімдерід өткізу нарықтарын қамтамсасыз етиу де өзекті сұрақтардың бірі. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін агро ғылымды дамыту да өзекті мәселе.  Осы бағытта мемлекеттік органдар тиімді әрі нақты қадамдарды жүзеге асыру керек.