Елімізде жыл сайын жүзден астам әйел зорлық-зомбылық құрбаны болады

Елде жыл сайын 100-ден астам әйел зорлық-зомбылықтың құрбанына айналады.

Бұл туралы Ішкі Істер министрлігіне қарасты қоғамдық кеңес мүшесі Майра Тойкебаева арнайы форумда мәлімдеді. Айтуынша, аталған статистика ай сайын өсіп, ушығып барады. Бұған басты себеп қоғамдық стереотип пен ер-азаматтардың өзгелерге немқұрайлы қарауы - дейді. Ол бұл мәселені шешудің бірнеше жолын ұсынды. 

Майра Тойкебаева, ҚР ІІМ қоғамдық кеңесінің мүшесі:

- Көбінесе арақ ішетін алкоголизм, лудомания, наркомания, жұмысы жоқ еркектер басты себеп. Сол еркектерге ең бірінші психологиялық көмек жасау. Біздің еркектер көбінесе психологқа барғысы келмейді. Және толық отбасымен жұмыс істеу керек. Еркекпен де, әйелмен де және балалармен. Өйткені балалардың 90 пайызы отбасында көрсе өскенде агрессор немесе соның құрбаны болып шығады.