Биыл 10 айда 937 сыбайлас жемқорлық жағдайы тіркелді
Биылғы он айда мыңға жуық сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелді, деп хабарлайды 24KZ. Құқық бұзушылардың дені пара алып, халық қаржысына қол салған.
Сондай-ақ қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғандар бар. Бармақ басты, көз қысты әрекет Шымкентте жиі болады. Шаһарда 87 жағдай тіркелді.
Сондай-ақ жыл басынан бері Астана қаласында 83, Алматы облысында 67, Абай облысында 55 сыбайлас жемқорлық дерегі анықталды. Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу облыстарында да бұл мәселе өзекті. Өңірлердің әрқайсысында 47-ден қылмыс тіркелген.