Павлодарда Ассамблея жастарының оныншы «Бірлік-Единство.КZ» форумы өтті

Павлодарда Ассамблея жастарының оныншы  «Бірлік-Единство.КZ» Жастар форумы өтті.

Бұл дарынды жастардың тың идеялары мен бастамалары жүзеге асатын беделді шаралардың бірі. Форумға 150-ге жуық жастар белсенділері, шетелдік студенттер, этномәдени бірлестік өкілдері мен мемлекеттік органдардың басшылары және елордадан келген меймандар қатысты. 

Дәстүрлі «Бірлік-Единство.КZ» форумында жаңа жобалар мен тың бастамалар таныстырылады. Бұл сондай-ақ пікір алмасу алаңы. Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов шараға қатысушыларды форумның 10 жылдығымен құттықтады.

Асайын Байханов, Павлодар облысының әкімі:

- Бүгінгі жиынның тақырыбықұптарлық қадам. Мемлекеттік тіл, волонтерлық пен IT технологиялар ел болашағының арқа сүйер нәтижелері. Сондықтан 10 жыл қатарынан өткізіліп жатқан «Бірлік-Единство.КZ» форумы сындарлы диалогтық алаңға айналады деп сенемін.

Форумда жастардың жаңа жобалары таныстырылды. Ол  аддитивті және IT технология бағытын қамтыған.

Рамиль Смаилов, облыстық "Ассамблея жастары" РҚБ өкілдігінің төрағасы:

- Біз «Бірлік-Единство.КZ» тоғызыншы форумында IT технологияларды дамытуды мақсат еттік. Соның нәтижесінде жаңа ақпараттық платформа пайда болды. Аддитивті технологияларға да баса мән беріліп отыр.

Форумның пікірталас алаңында жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойды. Соның бірі баспана мәселесі. Жиынға қатысқан ҚР Мәдениет және ақпарат вице- министрі Евгений Кочетов келесі жылдан бастап  жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй бағдарламасы пайда болатынын жеткізді.

Қарлығаш Қасиетова, Дәулет Қошқарбаев