Қостанай облысында «Жарқын ауыл» жобасы аясында 60 жаңа үй салынды
Қостанай облысының аудан-ауылдарында биыл 60 жаңа үй салынды.
Сондай-ақ елді мекендердің кіреберісіне 47 арка орнатылып, 23 балалар және спорт алаңы ашылды. Игілікті іс «AMANAT» партиясы қолға алған «Жарқын ауыл» жобасының аясында іске асты. Бұған қоса өңірдегі барлық елдімекеннің орталық алаңдары абаттандырылып, жаяу жүргіншілер жолы төселіп, қоршаулар жасалды. Жалпы жоба бастау алғалы бері өңірде 600-ден астам нысан іске қосылып, оған 3 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жыл соңына дейін тағы 98 жоба аяқталып, жалпы қаржыландыру көлемі рекордтық 15 млрд теңгеге жетпек. Бұл қаражатқа сондай-ақ ауылдарды таза ауыз сумен қамту, көше жарық шамдарын орнату сынды инфрақұрылымдық жұмыстар қолға алынбақ. Жоба шарапатын көрген тұрғындар ауылдың ажары кіргеніне дән риза.
Серікгүл Ислам, Садчиковка ауылының тұрғыны:
- Ұзақ уақыт күттік, балалар үшін қызықты деп ойлаймын. Балалар сабақтан шаршаған уақытта, спортпен айналысқан кезде осында келіп, балаларға қойды барлығын қауіпсіздік үшін.