Ақтөбеде жемқорлық тақырыбында сурет салу сайысы өтті
Парақор мен парасыз қоғамды қалыптастыру үшін тәрбие тал-бесіктен басталуы тиіс.
Ақтөбедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай балалар арасында байқау ұйымдастырған. Оқушылар «Бармақ басты, көз қысты әрекет – індет» тақырыбында сурет салды. Сайысқа 100-ден астам жұмыс қабылданды. Үздік деп танылғандары шаһардың орталық көшелеріндегі экрандарға орналастырылды. Балалар шығармашылығын қолдау мақсатында талантты жеткіншектер естелік сыйлықпен марапатталды.
Алмат Мырзалиев, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары:
- Бұл осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті күшейту үшін жасалып жатқан зат. Осы кішкентай балаларды да қазірден бастап сол ойды қондыруға әрекет жасаудамыз. Құдай қаласа, бұл практиканы басқа региондарға да таратамыз енгізіп.